Күзетші мамандығын игеруді бүгін және бізбен бірге бастаңыз!

«ЭЛИТ-СЕКЬЮРИТИ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ» КҮЗЕТШІЛЕР ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС кең ауқымдағы білім беру қызметтерін ұсынады: бастапқы оқыту, күзетшілер мен жеке күзет ұйымдары басшыларының біліктілігін растау.
Оқу орталығының негізгі мақсаты – қосымша кәсіптік білім беру процесін жүзеге асыру.
Біздің оқу орталығымыздың құзыретіне ЖКК басшылары мен күзет қызметкерлерін төрт санат бойынша даярлау кіреді.

Оқу орталығы өз қызметін Серіктестік Жарғысын, сондай-ақ «Жеке күзет ұйымдарының басшысы мен күзетшісінің лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 04.11.2024 жылғы № 877 бұйрығын негізге алып жүргізеді.
Мамандық бойынша келесідей біліктілік беріледі:
- Жеке күзет ұйымы басшысының біліктілігін беру/растау;
- Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін күзету бойынша, соның ішінде оны тасымалдау кезінде қызметтер көрсететін күзетшінің біліктілігін беру/растау;
- Жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі қызметтерді көрсететін күзетшінің біліктілігін беру/растау.
- Заңды және жеке тұлғалардың мүлкін күзету бойынша, оның ішінде оны тасымалдау кезінде және қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар сақталатын объектілердің аумағын күзету кезінде қызметтер көрсететін күзетшінің біліктілігін беру/растау.
Оқудан өту және біліктілікті арттыру үшін қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматтығы
- жасы кемінде 19-да болуы тиіс
Жайлылық – оқудың жақсы өтуінің кепілі!
Біздің мамандандырылған оқу орталығымыз оқыту кезінде ең қолайлы жағдайларды ұсынады. Сабақтар жылы және жарық бөлмелерде өтеді. Оқу кабинеттері тәжірибеде қолданылатын ең озық және заманауи жабдықтармен және технологиялық оқу құралдарымен жабдықталған.
Кабинеттегі заманауи техника, интерактивті тақта, күзету-өрттен қорғау жүйесі және дабыл сигнализациясы жүйесі жабдықтарының макеттері, күзет қызметкерінің арнайы үлгідегі киім-кешек стандартын көрсететін манекен және арнайы жеке қорғану құралдары, оқу ақпараты жазылған плакаттар теориялық және практикалық сабақтарды өткізу үшін пайдаланылады.
Осының бәрі білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың үлгерімін арттыруға ықпал етеді. Біздің материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базамыз Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы бойынша ең ірі және көрнекті болып саналады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 23.02.2015 жылғы № 143 және 07.12.2016 жылғы № 1142 бұйрықтарының талаптарына сәйкес біз күзетшілер мен ЖКК басшыларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі сабақтарды өткізудің бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеп, бекіттік.
Кәсіптік білім беру – ең басты міндетіміз!
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін сабақ барысында біз ең озық әдістеме мен соңғы шыққан әдебиетті қолданамыз.
Біздің мамандандырылған оқу орталығымызда таңдаулы әдебиет қоры іріктелген.
Қажет болған жағдайда, аудио- және бейнесабақ жүйесі қолданылады.
Күзетші мамандығының негізгі ұғымдарын бізден игеріп аласыз.
Сізге күзетші мамандығына қатысты Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік актілері мен негізгі талаптарын зерделеу мүмкіндігі беріледі.
Терроризмге қарсы қауіпсіздік жөніндегі сабақтар
Оқыту барысында күзет қызметкерлеріне террористік сипаттағы қауіп-қатер туындаған кезде, жарылғыш құрылғыға ұқсас затты тапқан кезде, қарулы шабуыл кезінде, адамдар кепілге алынған және кепілге алу қаупі төнген кезде, террористік қауіп туралы телефон қоңырауы түскен кезде және т.б. жағдайлар кезінде әрекет ету дағдыларын үйрету басты назарға алынады.
Білім алушылар үшін бекітілген Оқу жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес жөніндегі нормативтік актілерін зерделеу сабақтары өткізіледі.
Қызметтік қарудың кәсіби күзетшінің жұмысындағы рөлі
Күзет қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында қаскөйлерді ұстау және оларды қимылдатпау қажеттілігінен туындайтын міндеттермен жиі бетпе-бет келеді. Күзет қызметкерлері қандай жағдайларда қызметтік қаруды қолдануға болатынын және кімдерге қарсы қару қолдануға қатаң тыйым салынғанын білуге міндетті.
«Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын реттейтін ҚР ІІМ бұйрықтарының талаптарына сәйкес «ЭЛИТ-СЕКЬЮРИТИ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ» мамандандырылған оқу орталығында Қызметтік қару мен арнайы жеке қорғану құралдарын қолдану, сақтау және пайдалану қағидалары бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізіледі.
Біздің мамандандырылған оқу орталығымызда оқудан өту барысында білім алушыларға қызметтік қару мен арнайы жеке қорғану құралдарын, сондай-ақ байланыс құралдарын қолдану, сақтау және пайдалану тәртібін меңгеру мүмкіндігі ұсынылады.
Күзетшілерге арналған киімдер мен құралдар – маңызды элемент!
Қазақстан Республикасы ІІМ 14.02.2022 жылғы № 64 бұйрығымен Жеке күзет ұйымдары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған арнаулы құралдар тізбесі бекітілген болатын.
Аталған Тізбеге сәйкес жеке күзет ұйымдары келесі арнайы құралдарды пайдалана алады:
- Резеңке таяқшалар.
- 1-5 қорғау санатындағы қорғау кеудешелері.
- 1-3 қорғау санатындағы қорғау шлемдері.
- Кісен.
- Қолды және аяқты қорғауға арналған қалқаншалар жиынтығы.
- Қаруларды, жарылғыш заттар мен құрылғыларды анықтайтын детекторлар.
- Радиоактивті, химиялық және улағыш заттарды анықтайтын детекторлар.
- Күзет, дабыл сигнализациясы жүйелері.
- Кіруді бақылау және басқару жүйесі.
- Қосарлы қолданылатын техникаға жатпайтын телевизиялық бейнебақылау және бейнекүзету жүйелері.
- Хабар беру, оның ішінде радиоарналар арқылы хабар беру жүйелері.
- Портативті алып жүретін бейнетіркегіш.
Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заңының 19-бабына сәйкес күзет қызметі субъектілеріне арнаулы құралдар мен қызметтік қару қолдануға рұқсат беріледі.
«Элит-Секьюрити ОО» оқу орталығының тәжірибелі оқытушылары өз сабақтарында білім алушыларға қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртібі мен қолдануға тыйым салынған жағдайларды түсіндіреді.
Криминалистика саласындағы маңызды таным-түсініктер
Күзет қызметкерінің криминалистика саласындағы білімнен хабардар болуы өте маңызды, өйткені олар қоғамдық қауіпсіздік жүйесіндегі негізгі рөлдердің бірін атқарады. Күзет функциялары – тек бақылау ғана емес, сонымен қатар түрлі қауіптердің алдын алу. Күзет қызметі субъектілерінің қоғамдық орындардағы қырағылығы құқық бұзушылықтардың жолын кесіп қана қоймай, одан кейін тергеуге көмектесетін маңызды ақпаратты бере алады. Сонымен қатар күзет қызметкері істі тергеуде шешуші маңызға ие болуы мүмкін бейнематериалдарды немесе фотосурет түріндегі дәлелдерді ұсына алады.
Біздің оқу орталығымыздағы сабақтарға қатысушылар өздеріне берілген ақпаратты қалай дұрыс қабылдап, бағалауға болатындығын үйренеді, іздерді өз бетінше анықтау және олардың кескінін алу және т.б. бастапқы дағдыларға ие болады.
Техникалық күзет құралдары туралы білген жөн!
Мамандықты меңгере отырып, болашақ күзет қызметкері өрт, күзет және дабыл сигнализациясы жүйелерінің жұмысы туралы негізгі мәліметтерді алады.
Біздің мамандандырылған оқу орталығымыздағы дәрістерде болашақ күзет маманы өрт дабылын күзет дабылынан ажыратуды үйреніп, «дабыл сигнализациясы батырмасының» не екенін түсінеді. Дәрістердің барысында аталған жүйелердің хабаршылары мен құралдарының макеттері көрсетіледі.
Тәжірибелі оқытушылар пультпен басқарылатын күзет жүйесі қалай жұмыс істейтінін үйретеді. Дабыл сигнализациясы жүйесін қолдана отырып, «Дабыл» сигналын беру үшін қандай әрекеттер орындалатыны, сонымен қатар «дабыл батырмасын» қалай кері қайтаруға болатыны көрсетіледі.
Объектіні күзетке қою/ күзеттен алу іс-қимылдарының алгоритмін, сондай-ақ өрт дабылы іске қосылған кездегі күзет қызметкерлерінің іс-қимылдарын үйренесіз. Өрт сөндіргіштерді және эвакуация кезіндегі іс-қимылдар алгоритмін қолдану, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кіруді бақылау дағдыларын қоса алғанда, өртке қарсы қауіпсіздікті меңгеріп шығасыз.
Сондай-ақ күзетшілердің жұмыс ережелері бойынша дәрістер тыңдап, қашықтан қол жеткізуді бақылаудың техникалық құралдары мен бейнебақылау жүйелерін пайдалануды үйренесіз.
Күзетшілерге арналған психологиялық диагностика – жкк табысты қызметінің кепілі
Жеке күзет кәсіпорындарының қызметкерлерінен кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі ғана емес, сонымен қатар сапалы психологиялық және эмоциялық дайындық күтіледі. Олай болса, күзетшілерді психологиялық даярлаудың негізгі мақсаты ретінде қызметкердің жүйке күйзелісін ретке келтіру ғана емес, оған эмоцияларын басқара білуді үйрету көзделеді.
Басқаша айтатын болсақ, кәсіптік даярлықтан өткен күзетші өзінің әлсіз сезімдерін (қорқу, ашулану, үрейлену, күш көрсету) еңсеріп, жағымды жаққа бағыттап, өзінің күш-жігерін жұмылдыра біледі.
Біздің оқу орталығымыздың оқу бағдарламасында арнайы тренингтер мен теориялық сабақтар қарастырылған. Сабақтарда тұлғаның психологиялық орнықтылығын арттыру, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және қатты стресс жағдайларынан кейін тез қалыпқа келу, байыпты болу, ұстамдылық таныту мәселелері қозғалады.
Сонымен қатар тест сынақтары психологиялық проблемалар мен оларды тудырған себептерді анықтауға көмектеседі. Адамның «ішкі осал тұстары» оның қызметіне кедергі келтіруі мүмкін, әсіресе күзетші, оққағар мамандықтары үшін мұның маңызы зор.
Роршах сынағы – жеке тұлғаны зерттеуге арналған психикалық-диагностикалық тест, оны 1921 жылы швейцариялық психиатр және психолог Герман Роршах жариялады. Бұл сынақ «Роршах ақтаңдақтары» деп те аталады.
Негізінен эмоцияларды уысында ұстай алатын адамның өз бойы мен ойын билей алуын зерттей отырып, Роршах эмоциялық әсері бар факторларды енгізу үшін әр түрлі түстегі (қызыл, пастель реңктері) және сұр және қара түске қаныққан сия дақтарын пайдаланды. Роршах клиникалық бақылау кезінде эмоциялық жағдайлары әр түрлі адамдар түстер мен реңктердің алуан түрлі болуына қарай өздерін әр түрлі ұстайтындарын байқады.
Люшер сынағы
Тест сынағының басында сыналушыға қарап шығу және содан кейін өз қалауына қарай тиісті тәртіппен орналастыру үшін үшін 8 түрлі-түсті карточка ұсынылады. Түстерді орналастыру тәртібіне қарай оның жеке қасиеттері анықталады.
Метафоралық ассоциациялық карталар — бұл адам өміріндегі оқиғалармен байланыстырылатын суреттер бейнеленген карталар. Суреттерді біржақты дұрыс немесе бұрыс деп түсінуге болмайды, екі адам бір картадан екі түрлі жағдайды көріп, екі түрлі пайым жасауы мүмкін. Осы әдістеменің көмегімен қай эмоциялардың сыртқа көп шыға бермейтінін білуге болады.
Күзетші көмекке дайын болуы керек!
Алғашқы көмек – зардап шеккендердің өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті ең қарапайым шаралар. Дұрыс және дер кезінде жасалған көмек жазатайым оқиғаның жағымсыз салдарын азайтып, адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі. Сондықтан біз сабақтарымызда болашақ күзет қызметкерлерімен алғашқы медициналық көмек көрсетуді оқыту курсын жүргіземіз.
Біздің кәсіби медицина қызметкеріміз жарақаттану, жаралану, сүйектің сынуы, улану, күйік шалу және т.б. жағдайларда дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек бойынша дәрістер өткізеді.
Сонымен қатар күзетшілер түрлі жағдайлармен, соның ішінде жазатайым оқиғалармен немесе медициналық төтенше жағдайлармен бетпе-бет ұшырасуы мүмкін, мұндайда алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары зардап шеккендердің өмірін сақтап қалуы немесе оның жағдайының жақсаруына септігін тигізуі мүмкін, сондықтан болашақ күзет мамандарымен қан кетуді тоқтату, тыныс алуға көмектесу, жүрекке массаж жасау және басқа да медициналық жаттығулар жүргізіледі.
Меңгерілетін дағдылар

Біздің оқу орталығымыздан болашақ күзет қызметкерлері келесі бағыттарда білім алып шығады:
- Жеке күзет құрылымы күзетшісінің қызметіне қатысы бар Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік-құқықтық актілерінің ережелері.
- Қызметтік қару мен арнайы жеке қорғану құралдарын сақтау және қолдану теориясы мен практикасы.
- Объектілердің инженерлік-техникалық бекінісіне қойылатын талаптар.
- Күзет қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, еңбек заңнамасының негіздері.
- Өрт сөндіргіштерді пайдалану, эвакуациялау, өртке қарсы қауіпсіздік бойынша оқулар. Төтенше жағдайлардың алдын-алу шаралары.
- Қылмыс түрлерін анықтау және алдын алу, оның ішінде терроризмге қарсы күрес тәсілдерін қоса алғанда, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу әдістерін үйрету.
- Алғашқы медициналық көмек көрсету.
- Психологиялық даярлық және Білім алушылар үшін бекітілген Оқу жоспарының аясындағы басқа да көптеген іс-шаралар.
Оқуды аяқтап, емтиханды ойдағыдай тапсырғаннан кейін тиісті үлгідегі куәлік беріледі.
Оқу орталығымызға шақырамыз

Жеке күзетші мамандығын алу – жұмысқа орналасудың нақты кепілі. Бүгінгі таңда құрылымдар мен ұйымдардың көпшілігі кәсіби лицензияланған күзет қызметін қажет етеді.
Біздің мамандандырылған оқу орталығымызда оқи жүріп, біздің серіктестерімізге айналған күзет кәсіпорындарына жұмысқа орналасуға да болады.
БІЗДІҢ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫМЫЗДЫ ТАҢДАУ СЕБЕПТЕРІ:
- Қолайлы баға саясаты.
- Қызықты ұйымдастырылатын сабақтар, озық әдістеме, тұрақты материалдық-техникалық база.
- Сабақтардың ыңғайлы кестесі.
- Оқытушылар құрамының мол тәжірибесі мен біліктілігі.
- Оқытудың ықшам мерзімдері.
- Орталықтың ыңғайлы жерде орналасуы. Біз Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының орталығындамыз. Еш қиындықсыз жете аласыз.
Егер сұрақтарыңыз болса, мына телефон нөмірлерімен хабарласуыңызға болады: +7 705 328 27 30 +7 705 796 29 37
Біз сізді күтеміз және кәсіби қызметіңізге табыс тілейміз!